30 ҚАРАШАДАН БАСТАП 11 ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН БИРЖАДА "КСЕЛЛ" АҚ) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KCEL) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

30.11.12 12:00
/KASE, 30.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) жазылым шегінде Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде "Кселл" АҚ (Алматы) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KCEL) жай акцияларына сауда-саттық жүргізіледі. "Кселл" АҚ жай акцияларының сауда-саттығы Лондон қор биржасында және халықаралық нарықта жаһандық депозитарлық қолхаттардың листинг мәліметтері "Кселл" АҚ жай акциялары негізгі активтері болып табылатын, жаһандық депозитарлық қолхаттардың сатылуымен қатар жүргізіледі. (Жаһандық ұсыным). Жаһандық ұсыным аясындағы жаһандық депозиатрлық қолхат ұсынымының баға диапазоны бір жаһандық депозитарлық қолхат үшін 10,50 АҚШ долларынан 13,00 АҚШ долларына дейін құрайды. KASE арқылы жазылым шегінде "Кселл" АҚ жай акцияларының сауда- саттығы бір жай акцияға 1 578,89 – 1 954,81 теңге көлеміндегі баға диапазоны аралығында жүзеге асырылады, ол биржаның 2012 жылдың 28 қарашасындағы таңертеңгілік сессиясында белгіленген АҚШ долларына орташа сараланған курсы негізінде есептеу арқылы Жаһандық ұсыным аясындағы жаһандық депозитарлық қолхат ұсынымдарының баға диапазонына сәйкес келеді. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтағы уәкілетті сатып алушысы "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ болып табылады. Орналастырылған акциялардың саны - 50 000 000 дана. Жазылым аясында өтінімдерді қабылдау 2012 жылдың 30 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін жұмыс күндері алматы уақытымен сағат 10.30-дан 17:00-ге дейін, ал 2012 жылдың 11 желтоқсанында өтінімдер сағат ALT 10.30-дан 12:00-ге дейін жүргізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – – KCEL. Берілген өтінімдердегі сатып алушыларға максималды акциялар санына шектеулер жазылым шарттарында белгіленбеген. Жазылым нәтижесі бойынша есептеуледің басталу күні - 2012 жылдың 12 желтоқсаны. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге асырылады. Есептесу жүргізілетін күні өтінімді қанағаттандыру сәтінде аталмыш акциялардың сатушылары бағалы қағаздардың "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы өз есеп-шоттарында бар болуын 2012 жылдың 12 желтоқсанында сағат 09:00-ге дейін бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Жазылым өткізу шарттарына сәйкес аталған акциялардың эмитентінің инвестор туралы қосымша ақпараттар тізіміне мынадай мәліметтер кіреді: 1) заңды тұлғаның аты, жөні, тегі; 2) СТН және / немесе ЖСК; 3) резиденттік белгісі; 4) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат деректемелері / заңды тұлғаның тіркелуін растаушы деректер (түрі, номері, берген күні және берген орган); 5) брокердің атауы және байланыс деректері. Аталмыш акциялардың жазылу ережесі KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекенжайы бойынша жарияланған [2012-11-30]