"КСЕЛЛ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) БИРЖАДА 30 ҚАРАШАДАН БАСТАП 11 ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖАЗЫЛЫМ ШЕГІНДЕ ӨЗІНІҢ KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KCEL) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША БАҒА ҰСЫНУ ДИАПАЗОНЫН ЖАРИЯЛАДЫ

29.11.12 17:42
/KASE, 29.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) KASE сауда-саттық жүйесінің арнайы нұсқасында 2012 жылдың 30 қарашасынан бастап 11 желтоқсанына дейін жазылым жүргізу арқылы "Кселл" АҚ (Алматы) KZ1C59150017 (KZ1C00000876) жай акциялары сатылады. "Кселл" АҚ жай акцияларының сатылымы, базалық активі "Кселл" АҚ жай акциялары болып табылатын, жаһандық депозиттік қолхаттарды халықаралық нарықта сатып алуға ұсынумен және осы жаһандық депозиттік қолхаттардың Лондон Қор Биржасында листингімен қатар жүргізіледі (Жаһандық ұсыным). Жаһандық ұсыным шегінде жаһандық депозиттік қолхаттарды ұсынымының баға диапазоны бір жаһандық депозиттік қолхатқа 10,50 АҚШ долларынан 13,00 АҚШ долларына дейінгі аралықта деп белгіленген. KASE арқылы жазылым жүргізу жолымен "Кселл" АҚ жай акцияларын сату бір акцияға 1 578,89 – 1 954,81 теңге баға диапазоны шегінде жүзеге асырылады... Осы хабарламаның орыс тіліндегі толығырақ нұсқасыман KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1179982 мекен-жайы бойынша танысуға болады. Акцияларға жазылу ережелері KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-11-29]