"Кселл" АҚ (Қазақстан) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KCEL) жай акциялары 29 қарашадан бастап KASE ресми тізіміне бірінші санат бойынша енгізілді

29.11.12 15:47
/KASE, 29.11.12/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қазанындағы шешімімен "Кселл" АҚ (Астана) KZ1C59150017 (ISIN – KZ1C00000876) жай акциялары KASE ресми тізіміне бірінші санат бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағына орындауына байланысты Листингілік комиссияның шешімі 2012 жылдың 29 қарашасынан бастап өз күшіне енді. "Кселл" АҚ қаржылық кеңесшілері "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) (Алматы) болып табылады. "Кселл" АҚ тіркеушісі "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш жай акцияларға KCEL қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында 29 қарашада http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kcel мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-11-06]