KZ
12 мамыр 2025, 02:28
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.11.2012 17:20 #Корпоративтік уақиғалар

"HALYK FINANCE" АҚ "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ" АҚ ЕВРООБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

/KASE, 27.11.12/ – "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Астана) еврооблигацияларын шығаруда бірлескен жетекші менеджер және букраннері болып табылатын "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада - "Halyk Finance" АҚ) Қазақстан қор биржасына (KASE) " төмендегі мазмұнда баспасөз хабарламасын жолдады:

...

"Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ Эмитенттің Бағдарламасы аясында шығарылған және шет ел мемлекетінің заңдарына сәйкес тіркелген 2 миллиард АҚШ долларына дейінгі жахандық облигацияларын шығару бойынша "Қазақстан Даму банкі" АҚ (бұдан әрі- Эмитент) жалпы номиналдық көлемі 1 млрд. АҚШ долларын (бұдан әрі- Облигациялар) құрайтын 10 жылдық Еврооблигацияларды алғашқы орналастыру нәтижелері туралы хабарлайды.

2012 жылдың 26 қарашасы күні өтінімдерді жинау аяқталған соң Эмитент өтеуі жылдық 4,326% Облигацияның кірістілігіне сәйкес кесімді бағаны белгіледі.

Төменде шығарылым облигацияларының нақты параметрлері берілген.

---------------------------------------------------------------
Эмитент:                   "Қазақстанның Даму Банкі"           
Күтілетін рейтингтер:      BBB+ (S&P), Baa3 (Moody's),         
                           BBB (Fitch)                         
Шығарылым сомасы                                               
номиналдық құны:           U.S. $1,000,000,000                 
Есептесу күні:             2012 ж 10 желтоқсан                 
Өтеу күні:                 2022 ж 10 желтоқсан                 
Орналастыру бағасы:        98,382%                             
Купон мөлшерлемесі:        жылдық 4,125%                       
Купон төлеу күні:          10 маусым және 10 желтоқсан         
                           жыл сайын                           
Орналастыру кезіндегі өтеу                                     
кірістілігі:               жылдық 4,326%                       
Купон сомасын есептеу                                          
кезіндегі уақытша база:    30/360                              
                                                               
Шығарылым форматы:         144A / ережесіне сәйкес             
                           АҚШ бағалы қағаздар туралы Заңының S
                           Ережесі                             
                                                               
Деноминация:               U.S. $200.000 немесе үлкен          
                           номинал, U.S. $1.000                
Бірлескен жетекші          “Halyk Finance” АҚ, J.P. Morgan,    
Менеджерлер мен            VTB Capital                         
Букраннерлер:                                                  
Облигация мәртебесі:       жоғары, қамтамасыз етілмеген        
Реттеуші құқық:            Ағылшын                             
Листинг:                   KASE, Лондон Қор Биржасы            
---------------------------------------------------------------

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстанның шикізаттық емес секторын қаржыландыру бойынша ұлттық дамыту институты болып табылады. "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ 100 пайыз акциялары "Самұрық -қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына жатады.

[2012-11-27]