/KASE, 27.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) жеке
тұлғалардың назарын Халықтық ІРО бағдарламасы аясында
"КазТрансОйл" АҚ (Астана) жай акцияларын сатып алуға өтінімдерді
қабылдау мерзімінің өзгермегендігін хабарлайды. Өтінімдер
Қазақстанның барлық аймақтарында 2012 жылдың 05 желтоқсанына
дейін сағат 19:00-ге дейін брокерлік компаниялар ("Казпочта" АҚ қоса)
қабылдайды.
Сонымен қатар биржа брокерлерге олардың қабылдаған өтініштерін
сұрыптауға және KASE сауда-саттық жүйесіне жеткізуге желтоқсанның 06-
нан 10-на дейін қосымша уақыт береді.
Аталған өзгертуді жазылу шартына енгізу барлық Қазақстан азаматтары
үшін, соның шінде алыс аймақтарда тұратын азаматтарға да тең жазылу
шартын қамтамасыз ету мақсатында беріліп отыр. Алғашқы жазылу күндері
байқалғандай, осы аймақтардан KASE сауда-саттық жүйесіне жеткізуге
"Казпочта" АҚ бұрын айтылған уақыттан көбірек уақыт керек екендігін
тәжірибе барысында анықталды.
Жоғарыда енізілген жаңалықтарға байланысты барлық мәмілелер бойынша
есептесулер 18-і емес, 24 желтоқсанда аяқталады, ал биржада
"КазТрансОйл" АҚ жай акцияларымен қайталама сауда-саттықты бастау 25
желтоқсанға шегерілді (бұрын 19 желтоқсанға жоспарланған).
"КазТрансОйл" АҚ жай акцияларына жазылудың басты шарттары мен осы
жазылу бағдарламасы аясында оларды бөлу тәртібі Биржаның
2012 жылдың 26 қарашасындағы /ӨЗГЕРТІЛДІ/ 06 ҚАРАШАДАН 05
ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН БИРЖАДА "ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ
ШЕГІНДЕ "КАЗТРАНСОЙЛ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C29950017
(KZ1C00000744, KZTO) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ ЖҮРГІЗІЛЕДІ" –
http://www.kase.kz/ru/news/show/1179674 жаңалығында жарияланған.
[2012-11-27]