/KASE, 26.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа),
"ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) жай акцияларының жазылым арқылы бастапқы
орналастырылуы шегінде уәкілетті сатушысы болып табылатын,
"Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы)
(Алматы) өтінішіне сәйкес, барлық биржа мүшелеріне Халықтық IPO
бағдарламасы шегінде осы акцияларды сатып алуға инвесторлар беретін
өтінімдерін өңдеуге қосымша уақыт берілгені туралы хабарлайды.
Биржа назарын аударады: инвесторлар (соның ішінде жеке тұлғалар)
үшін жазылым шегінде өтінім қабылдау кезеңі өзгерген жоқ. Барлық
өтінімдердің инвесторлар KASE мүшелеріне 2012 жылдың
05 желтоқсанында Алматы уақытымен сағат 19:00-ге дейін берілуі тиіс.
KASE қор нарығының мүшелері жеке тұлғалардан алған өтінімдердің
барлығын өңдеуі және оларды биржаның сауда-саттық жүйесіне беру
үшін, биржа 06 және 10 желтоқсан аралығында өтінім қабылдау кезеңін
биржа ашық етіп қалдырады.
Бұл ретте жазылым нәтижелері бойынша есептесе бастау датасы
2012 жылдың 10 желтоқсанынан 20 желтоқсанына ауыстырылды.
Жеке тұлғалар жазылымға қатысуы үшін өтінімдерін биржаға тек брокерлер
– KASE қор нарығының мүшелері арқылы ғана бере алады. KASE қор
нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/ru/membership мекен-
жайы бойынша жарияланған.
"КазТрансОйл" АҚ жай акцияларына жазылым өткізу шарттары және осы
жазылым шегінде оларды бөлу тәртібі KASE 2012 жылдың
26 қарашасындағы жаңалығында "/ӨЗГЕРТІЛДІ/ 06 ҚАРАШАДАН
05 ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН "ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕГІНДЕ
"КАЗТРАНСОЙЛ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KZTO)
ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ ЖҮРГІЗІЛЕДІ" –
http://www.kase.kz/ru/news/show/1179674 мекен-жайы бойынша жарияланған.
[2012-11-26]