KZ
12 мамыр 2025, 02:17
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.11.2012 16:05 #Корпоративтік уақиғалар

Fitch Ratings агенттігі "Қазақстан даму банкі" АҚ несиелік рейтингін көтергендігі туралы хабарлады, болжам "Тұрақты"

/KASE, 23.11.2012/ –

Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан даму банкі" АҚ (Астана), биржаға 22 қарашадағы баспасөз хабарламасын ұсынды, онда мынандай мәліметтер бар:

цитата басы

Қазақстанның Даму Банкінің (бұдан әрі – Банк) шетелдік валютасындағы ұзақ мерзімді эмитенттің дефолт рейтингін (ЭДР) «ВВВ-» деңгейінен «ВВВ» деңгейіне дейін көтерді. Сонымен қатар, ұлттық валютадағы ұзақ және қысқа мерзімді ЭДР «ВВВ» деңгейінен «ВВВ+» дейін және «F3» деңгейінен «F2» дейін көтерді. Болжам «тұрақты».

Банктің кредиттік рейтингтерінің жоғарлауы Қазақстан Республикасының рейтингтерінің жоғарлауынан кейін іске асырылды (шетелдік валютасындағы ұзақ мерзімді эмитенттің дефолт рейтингін «ВВВ» деңгейінен «ВВВ+» және ұзақ мерзімді ЭДР көрсеткішін «ВВВ+» деңгейінен «А-» деңгейіне дейін көтерді. Болжам «тұрақты»).

Fitch Ratings хабарлауынша, берілген кредиттік рейтингтері Банктің мемлекет жағынан қолдауының жоғары мүмкіндіктерін көрсетеді. Fitch Ratings пікірі Банктің «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қоры арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 100% иелігінде болуында негізделген. Сонымен қатар, Fitch Ratings рейтингтері Банктің мемлекеттік органдармен тығыз байланысы, ерекше құқықтық дәрежесі, стратегиялық инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы мемлекеттік саясатын іске асырудағы ерекше рөлін белгілейді.

цитата соңы

[2012-11-23]