27 ҚАРАШАДАН 06 ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН БИРЖАДА "КСЕЛЛ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KCEL) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

21.11.12 17:41
/KASE, 21.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) "Халықтық IPO" бағдарламасы шегінде KASE сауда-саттық жүйесінде 2012 жылдың 27 қарашасынан 06 желтоқсанына дейін "Кселл" АҚ (Алматы) KZ1C59150017 (KZ1C00000876) жай акцияларына жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру жүзеге асырылатыны туралы хабарлайды. Аталмыш акцияларға жазылым жүргізуде сатушы ретінде "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) шығады. Орналастырылатын акциялардың саны – 50 000 000 дана. Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2012 жылдың 27 қарашасынан 06 желтоқсанына дейін жабық тәсілмен жұмыс күндері Алматы уақытымен (ALT) сағат 10:30-дан 17:00-ге дейін өткізіледі. Жазылым жүргізудегі бағалы қағаздың коды – KCEL. Жазылу аясында биржаның сауда жүйесіне жабық тәсілмен берілген тек шектеулі өтінімдер қабылданады. Берілген өтінімдердегі сатып алушылар үшін акциялардың максималды санына шектеу қойылмайды. Биржа қабылдаған өтінімдердің тізілімін Сатушыға ұсыну датасы – 2012 жылдың 07 желтоқсаны. Есептесулер "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүргізіледі. Бағалы қағаздарды сатып алушылар өздері сатып алған бағалы қағаздарға төлемді 2012 жылдың 07 желтоқсанына дейін алматы уақытымен сағат 09:00-ге дейін "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шоттарында жүргізуі қажет. Жазылымға қатысуға өтінімдерін жеке тұлғалар тек KASE қор нарығының мүшелері арқылы бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, аталмыш акцияларының эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпараттардың тізіміне мынадай мәліметтер кіреді: 1) тегі, аты, бар болса – әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы; 2) СТН және / немесе ЖСН; 3) Резиденттігінің белгісі; 4) жеке тұлғаның куәлігінің деректемелері / заңды тұлғаның тіркеуін растайтын құжаттың деректемелері (тұрпаты, нөмірі, берілген күні және құжатты берген органы); 5) өтінім берген брокердің атауы және байланыс мәліметтері. Акцияларға жазылым жүргізудің ережелері KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-11-21