"Казкоммерц Секьюритиз" акционерлік қоғамына ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) "КазТрансОйл" АҚ (Қазақстан) KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KZTO) жай акциялары бойынша биржада маркет-мейкер мәртебесі берілді
05.11.12 14:47
/KASE, 05.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен "Казкоммерц Секьюритиз" акционерлік қоғамына
("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) өтініші негізінде
2012 жылдың 31 қазанынан бастап "КазТрансОйл" АҚ (Астана)
KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTO) жай
акциялары бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілді.
Маркет-мейкер үшін минималды міндетті баға белгілеулер көлемі
3 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленді.
[2012-11-05]