"Кселл" АҚ (Қазақстан) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KCEL) акциялары бірінші санат бойынша биржада листинг процедурасынан өтті

31.10.12 12:25
/KASE, 31.10.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қазандағы шешімімен "Кселл" АҚ (Алматы) KZ1C59150017 (ISIN – KZ1C00000876) жай акциялары KASE ресми тізіміне бірінші санат бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін датасы туралы, аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы нарығын бақылау және қадағалау комитетінің бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы 2012 жылдың 25 қыркүйектегі куәлігіне сәйкес "Кселл" АҚ жарияланған акцияларын шығару 200 000 000 жай акцияға бөлініп, ұлттық сәйкестендіру номері KZ1C59150017 берілді. Шығарылым А5915 номерімен эмиссиялық бағалы қағаздарды мемлекеттік тізіліміне енгізілді. "Кселл" АҚ акцияларын ұстаушылардың тізбесі жүйесінің үзінді көшірмесіне сәйкес 2012 жылдың 28 қыркүйегінде барлық аталған акциялар орналастырылды. "Кселл" АҚ қаржылық кеңесшісі "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) болып табылады. "Кселл" АҚ тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың қысқаша атауы (сауда коды) KCEL. Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады. [2012-10-31]