"КазТрансОйл" АҚ KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KZTO) жай акциялары бірінші санат бойынша биржада листинг процедурасынан өтті
31.10.12 11:55
/KASE, 01.10.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясының 2012 жылдың 30 қазандағы шешімімен "КазТрансОйл" АҚ
(Астана) KZ1C29950017 (ISIN – KZ1C00000744) жай акциялары KASE
ресми тізіміне бірінші санат бойынша енгізілді.
Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін датасы туралы,
аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының
18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін,
қосымша жарияланады.
Сондай-ақ, аталмыш акциялардың сауда-саттығының ашылуы туралы
қосымша жарияланады.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйывмдарын
реттеу мен қадағалау агенттігінің бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеу
туралы 2012 жылдың 26 маусымдағы куәлігіне сәйкес, "КазТрансОйл" АҚ
жарияланған акцияларныың шығарылымы 384 635 600 жай акцияға бөлініп,
оларға KZ1C29950017 сәйкестендіру нөмірі берілді. Шығарылым
Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тіркеу тізіліміне А2995
нөмірімен енгізілді.
"КазТрансОйл" АҚ акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің үзінді
көшірмесіне сәйкес 2012 жылдың 05 шілдесінде көрсетілген акциялардың
346 172 040 орналастырылған.
"КазТрансОйл" АҚ қаржы кеңесшілері UBS Investment Bank және
"Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы)
(Алматы) болып табылады.
"КазТрансОйл" АҚ тіркеушісі "Бағалы қағаздардың бірегей тіркеушісі" АҚ
(Алматы) болып табылады.
Аталмыш акцияларға KZTO қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Акциялар шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның
аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады
[2012-10-31]