2012 жылдың 02 қарашасында "ОРДА кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС (Қазақстан) қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы болады
/KASE, 23.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "ОРДА кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС (Шымкент, бұдан әрі – компания), биржаға 2012 жылдың 02 қарашасында 11:00-де өзінің қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы мәлімдеді. Жиналыстың күн тәртібінде:
- компанияның облигацияларын ұстаушылардың тізбесін жүргізу үшін тіркеушіні таңдау;
- компанияның қатысушылары арасындағы табысты бөлу тәртібін бекіту;
- компанияның ішкі бақылау ережесін бекіту.
Аталмыш жиналыстың өтетін мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ. Иляев көш., 47. Осы жиналыстың қатысушыларын тіркеу сағат 10:00-ден жүргізіледі.
Кворум жиналмаған жағдайда, компания қатысушыларының қайталама жиналысы 2012 жылдың 03 маусымда сағат 10:00-де жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша өтеді.
Қатысушылар аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты материалдармен Шымкент қ., Ғ. Иляев көш., 47 мекен-жайы бойынша таныса алады.
[2012-10-23]