/KASE, 19.08.12/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Индекстер мен
бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2012 жылдың 19 қазанынан бастап
"RG Brands" АҚ (Алматы) KZPC2Y05B988 (KZ2C00001451; KASE ресми
тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының
бірінші санатшасы, RGBRb5; 1 теңге, 1,5 млрд теңге, 19.10.07 – 19.10.12;
жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 8,00 %; 30/360)
облигацияларын айналым мерзімінгің өтуіне байланысты KASE_BY,
KASE_BP және KASE_BC индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады.
2012 жылдың 19 қазынынан бастап KASE_BP индексін есептегенде KASE
0,9990690 тең түзету коэффициентін (К) қолданады, KASE_BC – 0,9993080,
KASE_BY – 6121530. Аталған датаға дейін KASE_BP индексі
үшін (К) 0,9990609, KASE_BC үшін – 0,9992983 және KASE_BY үшін –
1,6108719 тең болған.
KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі.
KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша
(жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы
бойынша) есептелетін бағалар индексі.
KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық
тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін
бағалар индексі.
KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік
облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді.
Әр атаудағы облигация бағасының индикаторлардың мәніндегі үлес
салмағы он бес пайызбен шектеледі. Бұл ретте, KASE қолдануындағы
құжаттарға сәйкес, тек орналастырылған және эмитентпен қайта сатып
алынбаған облигациялардың көлемі есепке алынады. Шектеу жоғарыда
аталған шектеу коэффициенті арқылы жүзеге асырылады.
Бұдан бұрын бұл тақырып бойынша 19 қазаннан бастап "RG Brands" АҚ
(Қазақстан) KZPC2Y05B988 (KZ2C00001451, RGBRb5) облигациялары
айналым мерзімінің өтуіне байланысты KASE ресми тізімінен шығарылады"
атты KASE жаңалығы 2012 жылдың 1*9 қазанында
http://www.kase.kz/kz/news/show/1172999 мекен-жайы бойынша жарияланды.
Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу
әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE веб-
сайтында
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf
мекен-жайы бойынша танысуға болады.
[2012-10-19]