KZ
12 шілде 2025, 15:51
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.10.2012 16:48 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) MyCloud.kz "бұлтты" сервитер порталын іске қосқаны туралы хабарлады

/KASE, 05.10.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана), 2012 жылдың 05 қазанында биржаға ұсынған баспасөз-релизінде былай деп мәлімдеді:

Бүгін Кәсіпкерлерген қызмет көрсету орталығында "Қазақтелеком" АҚ Басқармасының Төрағасы Қуанышбек Есекеев және "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту Қоры Басқармасының Төрайымы Ляззат Ибрагимова, MyCloud.kz бұлттық сервистер порталын іске қосуға арналған, бірлескен баспасөз-конференциясын өткізді.

"Қазақтелеком" АҚ еншілес ұйымы "КT Cloud Lab" ЖШС жасаған Интернет- ресурс арқылы кәсіпкерлер лицензиялық бағдарламаларды сатып алмай-ақ, түрлі қызметтермен пайдалана алады. Болашақта қызметтер тізімі кеңейеді.

Бірінші бұлтты қызметтерді – "Microsoft Hosted Exchange" және "Microsoft Hosted SharePoint" – "Казахтелеком" коммерциялық экспулатацияға, Microsoft-пен меморандум жасау шегінде, ү.ж. шілде айында берді. Барлық бұлтты сервистер 14 дата базасында жасалған – "Казахтелеком" АҚ орталықтары, клиенттерінің жалпы саны 13 мыңнан асты.

Қазақстандық кәсіпкерлер "КТ Cloud Lab" компаниясы мамандарының кеңестерін алып, портал қызметіне Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында: Алматы қ., Гоголь көш.,111 мекен-жайы бойынша қосыла алады.

"Дму" КДҚ" АҚ Баспасөз-қызметі +7 727 2 44 55 66 (вн. 1021, 1022) "Қазақтелеком" АҚ Қоғаммен байланыс +7 727 2 587 511

[2012-10-05]