"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) MyCloud.kz "бұлтты" сервитер порталын іске қосқаны туралы хабарлады
05.10.12 16:48
/KASE, 05.10.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана), 2012 жылдың
05 қазанында биржаға ұсынған баспасөз-релизінде былай деп мәлімдеді:
Бүгін Кәсіпкерлерген қызмет көрсету орталығында "Қазақтелеком" АҚ
Басқармасының Төрағасы Қуанышбек Есекеев және "Даму"
Кәсіпкерлікті дамыту Қоры Басқармасының Төрайымы Ляззат
Ибрагимова, MyCloud.kz бұлттық сервистер порталын іске қосуға
арналған, бірлескен баспасөз-конференциясын өткізді.
"Қазақтелеком" АҚ еншілес ұйымы "КT Cloud Lab" ЖШС жасаған Интернет-
ресурс арқылы кәсіпкерлер лицензиялық бағдарламаларды сатып алмай-ақ,
түрлі қызметтермен пайдалана алады. Болашақта қызметтер тізімі кеңейеді.
Бірінші бұлтты қызметтерді – "Microsoft Hosted Exchange" және "Microsoft
Hosted SharePoint" – "Казахтелеком" коммерциялық экспулатацияға,
Microsoft-пен меморандум жасау шегінде, ү.ж. шілде айында берді. Барлық
бұлтты сервистер 14 дата базасында жасалған – "Казахтелеком" АҚ
орталықтары, клиенттерінің жалпы саны 13 мыңнан асты.
Қазақстандық кәсіпкерлер "КТ Cloud Lab" компаниясы мамандарының
кеңестерін алып, портал қызметіне Кәсіпкерлерге қызмет көрсету
орталығында: Алматы қ., Гоголь көш.,111 мекен-жайы бойынша қосыла
алады.
"Дму" КДҚ" АҚ Баспасөз-қызметі
+7 727 2 44 55 66 (вн. 1021, 1022)
"Қазақтелеком" АҚ Қоғаммен байланыс
+7 727 2 587 511
[2012-10-05]