KZ
9 шілде 2025, 15:24
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.10.2012 15:52 #Бағалы қағаздар

ВТБ Банк АҚ Еншілес Ұйымы (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанына үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

/KASE, 05.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған ВТБ Банк АҚ Еншілес ұйымы (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Банктің тіркеушісі "Тіркеуші компания" АҚ (Алматы).

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • банктің жарияланған (тек KZ1C57060010 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 2 000 000 дана;
  • банктің барлық жарияланған акциясы орналастырылған;
  • банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ВТБ Банк" ААҚ (Ресей) болып табылады.

[2012-10-05]