ВТБ Банк АҚ Еншілес Ұйымы (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанына үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
05.10.12 15:52
/KASE, 05.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған ВТБ Банк АҚ Еншілес ұйымы (Алматы, бұдан әрі –
банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың
01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Банктің тіркеушісі "Тіркеуші компания" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған (тек KZ1C57060010 жай акциялары) акцияларының
жалпы саны 2 000 000 дана;
- банктің барлық жарияланған акциясы орналастырылған;
- банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан
көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ВТБ
Банк" ААҚ (Ресей) болып табылады.
[2012-10-05]