Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
/KASE, 04.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек KZ1C53110017 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 400 000 дана;
- компанияның 213 831 жай акциялары орналастырылған;
- Банктің жалғыз акционері және, тиісінше, орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) болып табылады.
[2012-10-04]