"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) "Астанателеком" ҚТО және "С.Сейфуллин ат. Қазақ Агротехникалық университеті" АҚ кампустық желінің бірлескен құрылысын аяқтады деп хабарлады

03.10.12 17:41
/KASE, 03.10.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана), 2012 жылдың 03 қазанында биржа жолдаған баспасөз-релизінде былай деп мәлімдеді: "Астанателеком" ҚТО Қалалық телекоммуникациялар орталығы "С.Сейфуллин ат. Қазақ Агротехникалық университетіі" АҚ кампустық желінің бірлескен құрылысын аяқтады. Бұл жоба оқу үдерісіне, ЖОО персоналының қызметіне, студенттер мен оқытушылар құрамының өміріне замани инфокоммуникаиялық технологияларды белсенді түрде енгізуді қамтамасыз етеді. "Астанателеком" ҚТО Интернет желісіне 50 Мбит/с жылдамдықпен кеңауқымды рұқсатаманы қамтамасыз етті, сондай-ақ төрт студенттік жатақханаларда және ҚазАТУ екі оқу корпусында iD TV және iD Phone қызметінің 500 нүктесін қосты. Енгізілген технология әмбебаптығымен және бір уақытта, оқу үдерісінде қолданылатын, ақпараттың барлық түрлерін: дауыс, мәліметтер, бейнеақпараттар, мельтимедиа және телеметриялық ақпаратты беру қабілетімен ерекшеленеді. Қазақстанда осыға ұқсас жобаны "Астанателеком" ҚТО Л.Н.Гумилев ат. Еуразиялық ұлттық университеттің негізінде 2010 ж қоланысқа енгізді. Оқу орнының барлық ғимараттары бір байланыс линияларымен біріктірілді. "ENU.ENT әлеуметтік студенттік желісі" жобасын жүзеге асыру барысында ЕҰУ студенттер үйлерінде "iD Phone" + "iD TV" қызметтерінің 850 пакеті қосылды, сондай-ақ Интернет желісіне жылдамдығы жоғары рұқсаттама қамтамасыз етілді. "Қазақтелеком" АҚ Қоғаммен байланыс қызметі [2012-10-03]