/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2012 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН–ҚАРАША АЙЛАРЫНА ӨТІМДІЛІГІ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ АКЦИЯЛАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

01.10.12 12:52
/KASE, 01.10.12, 24.09.12 жаңалығын қайталау/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес, биржада айналысқа жіберілген акциялардың ішінен 2012 жылдың қазан–қараша кезеңіне өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың тізімдерін қалыптастырды. Аталмыш тізімдерді Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2012 жылдың 24 қыркүйегіндегі шешімі негізінде бекітті және осы тізімдер, аталмыш тізімдерге кірген акцияларға "Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс регламенті" және "Маркет- мейкерлер қызметтерінің ережелері" атты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану үшін қалыптастырылды. Төменде өтімділігі бірінші класындағы акциялардың тізімі берілген, бұл тізім 2012 жылдың 01 қазанынан бастап 30 қарашасына дейін қолданыста болады (бағалы қағаздардың атаулары олардың өтімділік көрсеткіштерінің кемуі тәртібімен берілген): 1) "Қазақтелеком" АҚ KZ1C12280018 (KZ0009093241, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTK) жай акциялары; 2) ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ KZ1P51460114 (KZ000A0RMTC3, KASE ресми тізімі , үшінші санат, RDGZp) артықшылықты акциялары; 3) "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ KZ1C33870011 (KZ000A0LE0S4, KASE ресми тізімі , бірінші санат, HSBK) жай акциялары; 4) KAZAKHMYS PLС GB00B0HZPV38 (KASE ресми тізімі , бірінші санат, GB_KZMS) жай акциялары; 5) EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC GB00B29BCK10 (KASE ресми тізімі , бірінші санат, GB_ENRC) жай акциялары; 6) "Қазкоммерцбанк" АҚ KZ1C00400016 (KZ000A0JC858, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KKGB) жай акциялары; 7) "Қазақтелеком" АҚ KZ1P12280114 (KZ0009094645, KASE ресми тізімі , бірінші санат, KZTKp) артықшылықты акциялары; 8) "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ KZ1C51460018 (KZ000A0KEZQ2, KASE ресми тізімі , бірінші санат, RDGZ) жай акциялары; 9) "Цеснабанк" АҚ KZ1C33820016 (KZ000A0Q5HK5, KASE ресми тізімі, бірінші санат, TSBN) жай акциялары АО; 10) "ЦентрКредит Банкі" АҚ KZ1C36280010 (KZ0007786572, KASE ресми тізімі , екінші санат, CCBN) жай акциялары; 11) "БТА Банкі" АҚ KZ1C34920013 ("Листингілік емес бағалы қағаздар" секторы, BTAS) жай акциялары. 12) "Баян сұлу" АҚ KZ1C24120012 (KZ1C00000165, KASE ресми тізімі, екінші санат, BSUL) жай акциялары. 2012 жылдың тамыз-қыркүйек айларына құрылған өтімділігі бірінші кластағы акциялардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда 2012 жылдың қазан- қараша айларына өтімділігі бірінші кластағы акциялардың тізімдеріне "Баян сұлу" АҚ жай акциялары енді (12-ші жайғасым). Өтімділігі бірінші класындағы акциялардың сауда-саттығы биржада жұмыс күндері алматылық уақытпен 11:30-ден 17:00-ге дейін үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен өткізіліп, егер болжамды мәміленің бағасы осы акциялармен жасалған соңғы мәміленің бағасынан бойынша 10 % ауытқыса, акцияларды сатып алу және сату өтінімдерінің бағалары дәл келген немесе қиылысқан жағдайда аялдау тәртібіне ауыстырылады (мұнда франкфурттық сауда-саттық әдісі қолданылады). Өтімділігі бірінші класындағы акциялардың маркет-мейкерлері үшін бағалы қағаздар бойынша ең үздік міндетті баға белгілеулер арасындағы спрэдтердің ең жоғарғы мәні 7 % мөлшерінде бекітілді. Өтімділігі екінші және үшінші класындағы акциялардың сауда-саттығы биржада жұмыс күндері алматылық уақытпен 15:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі. Бұларда үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен өткізіледі, бірақ болжамды мәміленің бағасы осы акциялармен жасалған соңғы мәміленің бағасынан бойынша 5 % ауытқыса, акцияларды сатып алу және сату өтінімдерінің бағалары дәл келген немесе қиылысқан жағдайда аялдау тәртібіне ауыстырылады. Өтімділігі екінші және үшінші класындағы акциялардың маркет-мейкерлері үшін бағалы қағаздар бойынша ең үздік міндетті баға белгілеулер арасындағы спрэдтердің ең жоғарғы мәні 10 % мөлшерінде бекітілді. 2012 жылдың маусым-шілде кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың тізімідері KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/likvid_2012_aug_sept.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. 2012 жылдың тамыз-қыркүйек кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың тізімідері KASE веб-сайтында жақын арада жарияланады. Сауда-саттық және Растау жүйесінің регламенті http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Маркет-мейкерлердің қызметтері ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/m_maker_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Бағалы қағаздардың өтімділіктерінің көрсеткіштерін анықтау әдістемесі http://www.kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-10-01]