"RG BRANDS" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1C46310013 (KZ1C00000496, RGBR) жай акциялары бойынша 2010 және 2011 жылдарға дивиденд төлегені туралы хабарлады
26.09.12 11:29
/KASE, 26.09.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "RG BRANDS" АҚ (Алматы) өзінің KZ1C46310013
(KZ1C00000496, KASE ресми тізімі, үшінші санат, RGBR) жай акциялары
бойынша 2010 және 2011 жылдарға дивиденд төлегені туралы хабарлап,
биржаға ресми хат жолдады.
Айтылмыш хабарламаға сәйкес, төлем сомасы 922 839 680 теңгені құрады,
соның ішінде 566 094 140 теңге 2010 жылға және 356 745 540 теңге
2011 жылға төленді.
[2012-09-26]