"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y10D596 (KZ2C00000156, KMGZb2) және KZ2C0Y03D773 (KZ2C00000164, KMGZb3) облигацияларын ішінара сатып алғаны туралы хабарлады

03.09.12 17:05
/KASE, 03.09.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), Биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ ... хабарлайды: 1. 7 937 375 613,64 (жеті миллиард тоғыз жүз отыз жеті миллион үш жүз жетпіс бес мың алты жүз он үш) теңге 64 тиын сомасына сегіз миллион дана екінші шығарылымның (ҰСН KZ2C0Y10D596) облигацияларын аталмыш шығарылымның жалғыз облигациялар ұстаушысы "Қазақстанның даму банкі" АҚ-ынан 19.07.2012 жылы эмиссия аңдатпасының шарттарына сәйкес міндетті ішінара сатып алуды жүзеге асырды; 2. 56 013 106 888,08тг (елу алты миллиард он үш миллион жүз алты мың сегіз жүз сексен сегіз) теңге 08 тиын сомасына 54 821 292 (елу төрт миллион сегіз жүз жиырма бір мың екі жүз тоқсан екі) дана үшінші шығарылымның (ҰСН KZ2C0Y03D773) облигацияларын аталмыш шығарылымның жалғыз облигациялар ұстаушысы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ынан 16.07.2012 жылы облигацияларды сатып алу-сату келісім-шартының шарттарына сәйкес ішінара сатып алуды жүзеге асырды.