/KASE, 31.08.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа)
Басқармасының 2012 жылдың 29 тамызындағы шешімімен KASE сауда-
саттық жүйесінде және мәліметтер базасында 2012 жылдың
31 тамызында "ОРДА Кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС-інің (Шымкент):
- KZ2P0Y05C900 (KZ2P00000193; KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы
жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, ORDKb2;
1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 26.01.08 – 26.01.13, тоқсандық купон жылдық
12,00 %; 30/360) облигацияларының ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ҰСН)
KZ2P0Y10C900 нөміріне өзгертілді;
- аталмыш облигациялардың айналыста болу мерзімі өзгертілді - айналыс
мерзімі бес жылдан он жылға дейін ұзартылды.
Шешім Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
бақылау мен қадағалау комитеті 2012 жылдың 23 тамызында берген,
бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің
көшрмесінің, аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына
енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың негізінде және "Орталық
бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 28 тамызындағы
ресми хаты негізінде қабылданды.
Сондай-ақ, Басқарманың осы шешімімен 2012 жылдың 31 тамызынан
бастап Биржада осы облигациялармен сауда-саттық қайта басталды.
Бұл тақырып бойынша бұрын жарияланған KASE жаңалықтары:
- 2012 жылдың 09 тамызында "KASE "ОРДА кредит" Несиелік
серіктестік" ЖШС (Қазақстан) KZ2P0Y05C900 (KZ2P00000193, ORDKb2)
облигацияларының сауда-саттығын уақытша тоқтату мерзімін ұзартты " –
http://www.kase.kz/kz/news/show/1172311
- 2012 жылдың 06 тамызында "06 тамыздан бастап KASE "ОРДА кредит"
несиелік серіктестік" ЖШС (Қазақстан) KZ2P0Y05C900 (KZ2P00000193,
ORDKb2) облигацияларының сауда-саттығын уақытша тоқтатты" –
http://www.kase.kz/kz/news/show/1172064