"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ өзінің 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің нәтижелерін жариялады

29.08.12 11:12
/KASE, 29.08.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана), Биржаға 2012 жылдың 28 тамызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы 28 тамызда Астанада "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның (ҚДБ немесе Банк) 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындыларына арналған пресс-конференция өтті. Сонымен қатар іс-шара барысында Банктің үдемелі индустриалды- инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИДМБ) ірі инвестициялық операторларының бірі ретіндегі жұмыс нәтижелеріне шолу жасалды. 2012 жылдың 6 айлық қорытындылары бойынша Банк 11,6 млрд. теңге көлемінде пайда түсірді. Таза пайда қазынашылық портфелді тиімді басқару, шығындарды қысқарту, активтер сапасын жақсарту және несиелік портфель бойынша пайыздық табысты арттырудың нәтижесінде қалыптасты. Есептік кезең барысында Банк жаңа инвестициялық жобаларды қуаттау және қаржыландыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарды. Осылай, жыл басынан бастап жалпы құны 690 млрд. теңгеден артық ірі 6 инвестициялық жоба қуатталды, осы жобалардағы Банктің қатысу үлесі шамамен 330 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылда банк арқылы қаржыландыруға қуатталған алты жобаның төртеуі ҮИИДМБ шеңберінде жүзеге асырылуда. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында индустриалды-инновациялы бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын келесі жобалардың қаржыландырылуы қуатталды: Атырау облысындағы Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы (үшінші кезек), Қостанай қаласындағы болат прокатының өндірісі, Қарағанды ЖЭО-3 кеңейту, Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін салу. 2012 жылы ҮИИДМБ шеңберінде ҚДБ қуаттаған Жобалардың жалпы құны 4,1 млрд. долларды құрады, ондағы ҚДБ қатысу үлесі 1,9 млрд. доллар көлемінде. Жұмыстың келесі маңызды тұсы ҚДБ-нің қазіргі іс жүзінде жүзеге асырылып отырылған жобалары болып табылады. "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы бойынша келесі бірқатар инвестициялық жобаларға көмек көрсетілді: "Тау Терминал", "Кристалл Менеджмент", "Агромаш Холдинг", "Запчасть", "Каустик", "Еуразия Транзит Групп", "Риддер ЖЭО", "Майқұдық Құсфабрикасы", "Фараб". Жалпы, жобалардың Бизнестің жол картасына енгізілуін Банк шикізатқа жатпайтын секторларда жұмыс жасайтын Қарыз алушыларға қосымша қолдау көрсету мақсатында бастамалады. цитата соңы