"Халықтық IPO" бағдарламасы барысында "КазТрансОйл" АҚ (Қазақстан) өзінің 40 млн акциясын сатып алуға ұсынады
16.08.12 17:58
/www.halyk-ipo.kz, 15.08.12, KASE тақырыптамасы және аудармасы/ –
"Халықтық IPO" Бағдарламысының Дебютанты "ҚазТрансОйл" АҚ (ҚТО) осы
күзде қазақстандықтарға өзінің 40 млн акцияларын сатып алуға ұсынады.
Бұл туралы тілшілерге "Халықтық IPO" Бағдарламасын жүзеге асыру
сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні" атты
республикалық акциясы барысында "KазТрансОйл" АҚ бас директоры
Қайыргелді Қабылдин мәлімдеді.
"Акциялардың құны туралы әлі айта алмаймыз, себебі шарттарға сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі, бас акционеріміз – "Самұрық-Қазына"
қорының диреторлар кеңесі тиісті шешім қабылдағаннан кейін жарияланады.
Бүгінге 40 млн акциялар шамасында қосымша эмиссияны жария етеміз. Бұл
компания акцияларының жалпы санынан 10% құрайды", – деді ол.
[2012-08-16]