KZ
9 мамыр 2025, 17:55
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.07.2012 12:04 #Корпоративтік уақиғалар

Биржаға ұлттық және шетелдік валютада банктік операциялар жүргізуге лицензия берілді

/KASE, 24.07.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі комитеті Төрағасының 2012 жылдың 29 маусымындағы № 92 бұйрығымен Биржаға ұлттық және шетелдік валютада банктік операциялар жүргізуге 2012 жылдың 29 маусымындағы № 5.3.3. лицензиясы рәсімделді деп мәлімдейді.

Осы лицензия келесідей банктік операцияларды жүргізуге құқық береді:

  • банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
  • ақша аудару операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлем жасау және ақша аудару бойынша өкімдерін орындау;
  • заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу.

Осы ретте биржа уәкілетті органға 2006 жылдың 20 ақпанындағы № 3 банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізуге және ақша аудару операцияларын: жеке және заңды тұлғалардың төлем жасау және ақша аудару бойынша өкімдерін орындауға лицензиясын қайтарды.