/KASE, 16.07.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Алматы қаласының
Әділет департаменті Бостандық ауданының Әділет басқармасы "Қазақстан
қор биржасы" АҚ жарғысына № 8 өзгертулер мен толықтыруларды тіркегені
және KASE жаңа мекен-жайы туралы мәліметтер берілген заңды тұлғаның
қайта тіркелуі туралы куәлік алғаны жайлы өз акционерлеріне мәлімдейді.
Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE акционерлерінің
2012 жылдың 30 мамырындағы жылдық жалпы жиналысының шешімімен
бекітілді және келесі тарауларға енгізілді: биржаның атауы, KASE мекен-
жайы; "алтын акция" иегерінің биржаның жеке органдарының шешімдеріне
вето слау құқығы, Биржалық кеңестің құрамы, Биржалық кеңеске биржаның
қызығушылығы бар мәмілелер туралы мәліметтердің жеткізілуі тәртібін
бекіту, биржаның атқарушы органының шешімдерді қабылдау тәртібі,
атқарушы орган басқарушысының өкілеттіктерін нақтылау, биржа ақпаратты
жариялау үшін пайдаланатын интернет-сайтының атауын өзгерту,
биржаның акционерлерге KASE жеек құжаттарын беру тәртібін бекіту.
Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында жақын арада
"Акционерлерге арналған мәліметтер" бөлімінде
http://www.kase.kz/ru/for_shareholders мекен-жайы бойынша жарияланады.