/ҚАЙТАЛАУ/ 2012 жылдың 04 тамызында "ОРДА Кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС (Қазақстан) KZ2P0Y05C900 (KZ2P00000193, ORDKb2) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы болады
13.07.12 11:36
/KASE, 13.07.12, 05.07.12 жаңалықты қайталау/ – Облигациялары Қазақстан
қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "ОРДА
Кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС (Шымкент), Биржаға 2012 жылдың
04 тамызында сағат 11:00-де KZ2P0Y05C900 (KZ2P00000193, KASE ресми
тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының
екінші санатшасы, ORDKb2) облигацияларын ұстаушылардың жалпы
жиналысы басталатыны туралы хабарлады.
Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе осы облигациялардың
айналыста болу мерзімін өзгерту және аталмыш облигациялардың
шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
Осы жиналыстың өтетін мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ. Іләев к-сі., 47.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-ден бастап жүргізіледі.
Кворум болмаған жағдайда, аталмыш облгиацияларды ұстаушылардың
қайталама жиналысы 2012 жылдың 05 тамызында сағат 10:00-де жоғарыда
көрсетілген мекен-жай бойынша өткізіледі.
Қатысушылар жиналыстың күн тәртібіндегі мәселеге қатысты
материалдармен Шымкент қ., Ғ. Іләев к-сі., 47 мекен-жайы бойынша
таныса алады.