"Қазақтелеком" ақ 2011 жылға және 2012 жылдың бірінші тоқсанына KZ1C12280018 (KZ0009093241, KZTK) жай акциялары және KZ1P12280114 (KZ0009094645, KZTKp) артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеуі туралы хабарлады

20.06.12 12:25
/KASE, 20.06.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана, бұдан әрі - Қоғам), Биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады. Қоғам 2011 жылға және 2012 жылдың 1 тоқсанына 221 579 743,6 мың теңге сомасында (төлем көзінен ұсталған табыс салығын есепке алғанда) дивидендтер төледі, оның ішінде жай акциялар бойынша 215 219 027,5 мың теңге, артықшылықты акциялар бойынша 6 360 716,1 мың теңге (мәліметтер 13.06.2012 ж. жағдай бойынша берілген). Дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлер тізімі 2012 жылдың 16 мамырындағы жағдай бойынша құрастырылды.