"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) Megaline СБ Интернет желісінің миллиондық абонентін марапаттау туралы хабарлады

11.06.12 16:40
/KASE, 11.06.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), Биржаға 2012 жылдың 11 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Алматыда Megaline СБ Интернет желісіне кеңжолақты қосылыстың миллион абонентін салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті. Клиенттерді Megaline-ға қосу дерегін 12-таңбалы кодты теру жолымен абонентті авторландыру үдерісі және интернетке бірінші рет сәтті шыққаннан кейін компанияның бірыңғай биллинг жүйесі жазып алады. Миллиондық клиент болған, Алматы қ. тұрғыны Тынышгүл Дүйсенбаева – а.ж. сәуірінде қызметті "Megaline Turbo Plus" тарифтік жоспары (бұдан әрі - ТЖ) бойынша қосқан көпбалалы ана, абоненттерді тіркеу және есепке алуды егжей-тегжейлі тексеруден кейін анықталды. Миллион абонентпен бірге салтанатты рәсімге Megaline-ның ең бірінші пайдаланушысы шақырылды. Ол "Қазақтелеком" АҚ бірыңғай республикалық биллинг жүйесінің деректері бойынша, Петропавл қ. тұрғыны Сергей Слухаевский болып табылады. "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев атап өткендей, миллион қосу көбінесе абоненттердің қажеттіліктеріне шоғырлау арқасында мүмкін болды. "Компанияда жүзеге асырылатын сервис – менеджмент бағдарламасы, тұрақты негізде өткізілетін біздің қызметтердің тартымдылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар, бізге операторлардың арасында көшбасшы болып қала беру және алға қарай сенімді жылжу мүмкіндігін береді", - деп Қ.Есекеев марапаттау рәсімінде сөз сөйлей отырып баса айтты. Қызметтің бірінші және мерейтой пайдаланушыларына "Қазақтелеком" АҚ – дан сыйлық ретінде "Megaline Turbo" ТЖ-ға арналған бір жылға тегін қызмет көрсету сертификаттары, үйге арналған техника ассортименті және барлық отбасы мүшелеріне Франциядағы Диснейлендке жолдама тапсырылды. Алғаш рет "Қазақтелеком" АҚ-ның жаңа қызметі туралы 2005 ж. мамыр айында жыл сайынғы KITEL салалық көрмеде мәлімделді, ал 1 маусымнан бастап компания "Megaline" қызметінің брендін бірден үш пилоттық аймақта: Алматы, Қарағанды және Петропавлда нарыққа шығара отырып, ADSL технологиясы бойынша Интернет желісіне қосылыс қызметінің эксперименттік тарифтерін енгізді. Нарықта жаңа қызметтің бірінші пайда болған жылында түрлі "Megaline" тарифтік жоспарларына 25 333 абонент қосылды. Келешекте "Megaline" абоненттік базасы орташа есеппен жылына 200 мың адамға артты. Бүгінге ең көп порт саны Алматыда - 204966, Қарағанды облысында– 109 836 және ШҚО – 80 977 іске қосылған. «Қазақтелеком» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі цитата соңы