"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) iD TV-дің 100 000-шы абонентін қосқаны туралы хабарлады

11.06.12 13:00
/KASE, 11.06.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), Биржаға 2012 жылдың 08 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "Қазақтелеком" АҚ iD TV-дің 100 000-шы пайдаланушысын қосты. Танымал қызметтің мерейгер абоненті астаналық Венера Мырзабекова болды. iD TV қызметі 2009 жылы Астанада пайдалануға берілді. Бұл қызмет цифрлы бейне сапасы мен тамаша стереодыбысты қамтамасыз етеді. Мұнымен бірге, IP-протокол бойынша телевизиялық сигналды беру технологиясы абонентке өз бетінше қызметтер жиынтығын басқаруға мүмкіндік береді: телеарналар пакетін таңдау, оларды топтау, қосымша қызметтерге қосылу, фильмдерге тапсырыс беру және теледидар экранынан хабарлардың электронды бағдарламасын қарау. Бір сөзбен айтқанда, iD TV қызметінде интернет желісінің интерактивтілігімен кәбілдік телевидениенің артықшылықтары үйлескен. iD TV қаладағымен қатар, аудан орталықтары және ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін қолжетімді. Компания сым желілері бойынша сапасы жоғары телевидение қызметін ауылдық жерлерге көрсететін республикадағы жалғыз оператор болып табылады. Қазіргі уақытта аудан орталықтары мен ауылдағы тұрғындар облыстардағы iD TV пайдаланушыларының жалпы санының 47% (Астана мен Алматы қалаларын қоспағанда) және республика бойынша iD TV пайдаланушыларының жалпы санының 24% құрайды. Бұл ретте аудан орталықтарының және аудан орталығынан төмен елді мекендердің тұрғындарына қызмет талғамы мен қаржылық мүмкіндіктерін ескеретін "iD TV Әлем" арнайы тарифтік жоспары бойынша ұсынылады. Мысалы, абоненттік төлем "Тапсырыспен бейне көру" және "Кейінге қалдырып көру" қолжетімді сервистерімен бірге 44 телеарнаға ҚҚС-мен 560 теңге құрайды. 2012 жылдың наурыз айынан бастап алғаш рет жерүсті желілер бойынша ұйымдастырылған сапасы жоғары өңірлік телеарналарды ұсыну басталды. Бұл арналар: Қазақстан-Ақтөбе, Қазақстан-Қостанай, Қазақстан-Шымкент, Қазақстан-Қызылорда, Қазақстан-Атырау, Қазақстан-Петропавл, Қазақстан- Тараз, Қазақстан-Өскемен, Жетісу. Қазақтелеком iD TV-дің 100 000-шы абонентін қосты. Ол – Астана қаласының тұрғыны Венера Мырзабекова. "Екі баланың ата-анасы болып табылатын біздер үшін iD TV таңдау кезінде балаларға арналған телеарналардың көп болуы, бейнефильмдерге тапсыру беру мүмкіндігі, хабарлардың электронды бағдарламасы және Megaline қызметі бар пакетпен тегін қосылу шешуші рөл атқарды. Оның үстіне Қазақтелекомның қызметті көрсетуі таңдауымызға тағы бір себеп болды. Бұл компанияға зор сенім білдіремін. Өйткені, ол заман талабынан қалыс қалмай, әрдайым қызмет түрлерін кеңейтіп отырады. Ал iD TV-дің 100 000-шы абоненті болуым мен үшін күтпеген жағдай, тосын сый болды",- деп Венера қуанышымен бөлісті. Бүгінгі күні Астана қаласында iD TV қызметіне қосылған пайдаланушылар саны 17 209 абонентті құрайды. "Астанателеком" ҚТО бас директоры Ермек Қуанышбековтің айтуынша, 100 000 абонентті қосу – қызметті сапалы ұсыну мен компания қызметкерлерінің жоғарғы кәсіби деңгейінің нәтижесі. "Бүгінгі көрсеткіш кездейсоқ жағдайлардың тоғысуы емес, бұл компанияның стратегиялық дамуы шеңберіндегі жоспарланған нәтиже және осы жетістікпен шектелмейміз, одан әрі алға басып ілгерілейміз",- деп атап өтті "Астанателеком" ҚТО басшысы. 1 маусымдағы жағдай бойынша жалпы республика бойынша iD TV пайдаланушыларының саны - 115 320. Компания үстіміздегі жылдың соңына дейін осы қызметпен 130 000 астам абонентті қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. "Қазақтелеком" АҚ Қоғаммен байланыс қызметі цитата соңы