Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
Биржалық кеңестің Бюджет және стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитетінің жаңа құрамы сайланды
/KASE, 01.06.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесі 2012 жылдың 31 мамырында Биржалық кеңестің Бюджет және стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитетінің жаңа құрамын сайлады:
- М.Ж. Ташметов, "Отан" АЖЗҚ" АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары (Комитеттің Төрағасы);
- А.О. Алдамберген, "Самұрық-Қазына Қаржы" ЖШС бас директоры (Комитеттің Төрағасы болмаған кезде немесе мүдделердің қайшы келуі жағдайы туындағанда оның орнын басуға құқылы тұлға);
- Е.С. Әбдіразақов, "Сентрас Капитал" ЖШС бас директоры;
- Н.А. Әбдірахманов, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бақылау және қадағалау әдістемесі департаментінің директоры;
- Қ.Қ. Дамитов, KASE Президенті;
- А.М. Жолдасбеков, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
- Д.С. Қарабаев, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.