"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) өзінің Директорлар кеңесінің 2012 жылдың 22 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады
30.05.12 15:18
/KASE, 30.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап,
2012 жылдың 22 мамырында өзінің Директорлар кеңесі жүзеге
асырылуында мүддесі бар мәмілелер бойынша келесі шешімдер
қабылданғаны туралы хабарлады:
а)ЮниКредит тобының мүшелерімен 2012 жылдың 01 наурызынан бастап
2012 жылдың 31 наурызына дейінгі кезеңге жасалған қазына
мәмілелері бекітілді;
б)Транзакциялық және корпоративтік өнімдерді дамыту департаментінің
ЮниКредит тобы мүшелерімен 2012 жылдың 01 наурызынан бастап
2012 жылдың 31 наурызына дейінгі кезеңге мәмілелері бекітілді;
в)Корпоративтік сатулар департаментінің UniCredit тобының мүшелерімен
2011 ж. 01 қазанынан 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге мәмілелері
бекітілді.
г)ЮниКредит тобының мүшесі Yapi ve Kredi Bankasi A.S. (Түркия)
Банктің атына ашылған корреспонденттік шоттарды жабу бекітілді.