"Қазақстанның даму банкі" АҚ "Исламдық бағалы қағаздар "сукук" семинары өткені туралы хабарлады

23.05.12 16:38
/KASE, 23.05.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның даму банкі" АҚ (Астана), Биржаға 2012 жылдың 23 мамырындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "Қазақстанның даму банкі" АҚ (ҚДБ) және халықаралық аудиторлық KPMG компаниясы Алматы қаласында "Сукук" Исламдық құнды қағаздар – тәуекелді басқару және бухгалтерлiк есеп қағидаттары" атты бірлескен семинар өткізді. Тәжірибелік семинарға ұлттық компаниялар, даму институттар және қаржылық ұйымдардың 50-ден астам өкілдері қатысты. Өзінің алғы сөзінде "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарушы директоры- басқарма мүшесі Жаслан Мадиев банк өз тарапынан және жалпы Қазақстан мемлекеті ҚР инвестициялық тардымдылығын арттыру, қорландыру құралдары мен нарықтарды деверсификациялау жолдарын табуға қызығұшылық танытуда деп белгіледі. "Малайзиядағы ислам қаржыландыру нарығы әлемдегі ең ірі ислам нарықтарының бірі болып саналады, және бұл мемлекетте отандық ислам қаржыландыру құралдарын орналастыру болашақта ынтымақтастықты дамыту мақсатымен малайзиялық инвесторларға Қазақстанды таныстыруға септігін тигідезі", - деп атап өтті Ж. Мадиев. Үздік сарапшы-дәрісші ретінде KPMG лондондық офисі, HSBC Малайзия және басқа да халықырылық қаржылық ұйымдардың мамандары шақырылды. Семинарға қатысушылар Сукук исламдық құнды қағаздарымен бухгалтерлiк есеп жүргізу және салық салу қағидаттарымен танысты. Исламдық қаржы құралдарымен жұмыс істеу кезінде тәуекелді басқару жұйесі тақырыбына жеке назар бөлінді. Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында ҚДБ алғашқы қазақстандық исламдық "аль-Мурабаха" сукук облигацияларын шағаруды жоспарлауда деп хабарлаған. цитата соңы