"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) China Telecom-мен (Қытай) меморандумға қол қойғаны туралы хабарлады

23.05.12 12:33
/KASE, 23.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), Биржаға 2012 жылдың 22 мамырындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Бүгін "Қазақтелеком" және China Telecom басшылығы компаниялардың ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Екі жақты кездесудің нәтижесінде ҚР ҚХР шекарасында Достық - Алашанькоу аймағында екінші торап құрылысын бастау туралы меморандумға қол қойылды. "Қазақтелеком" АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев атап өткендей, осы жобаның жүзеге асырылуы компания желісінің әлемдік ақпараттық-коммуникациялық қауымдастықпен байланысының сапалық көрсеткіштерін жетілдіруге ықпалын тигізеді. Жалпы, Қазақстанның телекоммуникациялық жүйелері экономикалық өзгерістердің сәттілігіне ғана емес, сондай-ақ, еліміздің ақпараттық- коммуникациялық қызметтердің халықаралық нарығындағы беделіне де айтарлықтай әсер етеді. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1167455 мекен-жайы бойынша танысуға болады.