KZ
13 мамыр 2025, 13:35
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.05.2012 12:33 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) China Telecom-мен (Қытай) меморандумға қол қойғаны туралы хабарлады

/KASE, 23.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), Биржаға 2012 жылдың 22 мамырындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады:

Бүгін "Қазақтелеком" және China Telecom басшылығы компаниялардың ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді талқылады.

Екі жақты кездесудің нәтижесінде ҚР ҚХР шекарасында Достық - Алашанькоу аймағында екінші торап құрылысын бастау туралы меморандумға қол қойылды. "Қазақтелеком" АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев атап өткендей, осы жобаның жүзеге асырылуы компания желісінің әлемдік ақпараттық-коммуникациялық қауымдастықпен байланысының сапалық көрсеткіштерін жетілдіруге ықпалын тигізеді.

Жалпы, Қазақстанның телекоммуникациялық жүйелері экономикалық өзгерістердің сәттілігіне ғана емес, сондай-ақ, еліміздің ақпараттық- коммуникациялық қызметтердің халықаралық нарығындағы беделіне де айтарлықтай әсер етеді.

Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша танысуға болады.