2012 жылдың 04 маусымында "Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1P12280114 (KZ0009094645, KZTKp) артықшылықты акциялары бойынша 2011 жылға және 2012 жылдың бірінші тоқсанына дивидендтер төлеуді көздеп отыр

22.05.12 11:24
/KASE, 22.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: ... 2012 жылдың 08 мамырында өткен акционерлердің жылдық Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес, артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер мөлшері: - 300 ( үш жүз) теңге мөлшеріндегі төленген кепілді дивидендті есепке алғанда, 2011 жылдың қорытындылары бойынша 1 (бір) артықшылықты акцияға шаққанда 1 028 (бір мың жиырма сегіз) теңге 80 (сексен) тиын мөлшеріндегі қосалқы төлеммен 1 328 (бір мың үш жүз жиырма сегіз) теңге 80 (сексен) тиынды құрайды. - 2012 жылдың 1 тоқсанындағы қорытындылары бойынша 1 (бір) артықшылықты акцияға шаққанда 18 559 (он сегіз мың бес жүз елу тоғыз) теңге 27 (жиырма жеті) тиынды құрайды. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2012 жылдың 16 мамыры 00 сағат 00 минут жағдайы бойынша белгіленді. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеуді бастау күні – 2012 жылдың 4 маусымы. Төлем тәртібі – бір рет бір төлеммен.