KZ
1 шілде 2025, 02:18
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.05.2012 15:59 #Корпоративтік уақиғалар

2012 жылдың 22 маусымында "Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіледі

/KASE, 21.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) 2012 жылдың 22 маусымында сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлады, жиналыстың күн тәртібінде:

  • "Эрнст энд Янг" ЖШС-ін компанияның 2012 жылғы жылдық қаржылық есеп берушілігінің аудитін өткізетін аудиторлық ұйым ретінде анықтау туралы;
  • 2011 жылдағы жұмыстың қорытындылары бойынша компанияның тәуелсіз директорларына қосымша сыйақы төлеу туралы.

Аталмыш жиналыс: Астана қ., Абай д-лы, 31, мәжіліс залы мекен-жайы бойынша өткізіледі. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі.

Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың 22 мамырындағы жағдайы бойынша құрастырылады.

Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы сол уақытта, жоғарыда аталған мекен-жай бойынша 2012 жылдың 09 шілдесінде өткізіледі.

Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен, жиналыс өтетін күннен кемінде он күн бұрын: Астана қ., Абай д-лы, 31, тел.: (717) 258 77 13; Алматы қ., Фурманов көш., 240б, тел.: (727) 258 74 67 мекен-жайлары бойынша таныса алады.