2012 жылдың 22 маусымында "Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіледі
21.05.12 15:59
/KASE, 21.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания)
2012 жылдың 22 маусымында сағат 15:00-де компания акционерлерінің
кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлады, жиналыстың
күн тәртібінде:
- "Эрнст энд Янг" ЖШС-ін компанияның 2012 жылғы жылдық қаржылық
есеп берушілігінің аудитін өткізетін аудиторлық ұйым ретінде анықтау
туралы;
- 2011 жылдағы жұмыстың қорытындылары бойынша компанияның
тәуелсіз директорларына қосымша сыйақы төлеу туралы.
Аталмыш жиналыс: Астана қ., Абай д-лы, 31, мәжіліс залы мекен-жайы
бойынша өткізіледі. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат
13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі.
Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың
22 мамырындағы жағдайы бойынша құрастырылады.
Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы
сол уақытта, жоғарыда аталған мекен-жай бойынша 2012 жылдың
09 шілдесінде өткізіледі.
Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен, жиналыс
өтетін күннен кемінде он күн бұрын: Астана қ., Абай д-лы, 31, тел.:
(717) 258 77 13; Алматы қ., Фурманов көш., 240б, тел.: (727) 258 74 67
мекен-жайлары бойынша таныса алады.