KZ
16 шілде 2025, 03:57
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.05.2012 17:46 #Қаржы құралдары

KASE листингілік комиссиясы "Қазақстанның даму банкі" АҚ сукук "аль-Мурабаха" исламдық облигацияларының жоспарлы шығарылымын KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша қосуға келісімін берді

/KASE, 18.05.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 18 мамырындағы шешімімен "Қазақстанның даму банкі" АҚ (Астана) сукук "аль-Мурабаха" исламдық облигацияларының жоспарлы шығарылымын KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша қосуға келісім берілді.

Бұл шешім, сондай-ақ, аталмыш облигацияларды аталған санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім болып табылады, бұл шешім эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2 бабы және 1 тармағының 2) тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін өз күшіне енеді.

Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның жоғарыдағы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланатын болады.