"Қазақстанның даму банкі" АҚ несие алушы* компаниялар "Лад" ЖШС және "Kazakhstan Rubber Recycling" ЖШС қарыздарын қайта құрылымдаудан бас тартқаны туралы хабарлады

17.05.12 12:32
/KASE, 17.05.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның даму банкі" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 17 мамырындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: ҚДБ "Лад" және "Kazakhstan Rubber Recycling" несие алушы компанияларына қарызды қайта құрылымдаудан бас тартты. Банк қабыл алмау туралы шешімді несие алушылар бұдан бұрын қол қойылған Қайта құрылымдау туралы келісімді орындамауы себебінен қабылдады. 2011 жылдың тамызында "Қазақстанның даму банкі" АҚ (Банк) және "Лад" ЖШС және "Kazakhstan Rubber Recycling" ЖШС несие алушы компаниялары арасында Қарызды қайта құрылымдау туралы келісімге (Келісім) қол қойылды. Банк несиелендіру мерзімін ұзартып, ыңғайлы өтеу кестесін жасайтын болды. Бірақ келісімнің шарттары жүзеге асырылмады, себебі осы уақытқа дейін несие алушы кәсіпорындар өздерінің Банк алдындағы міндеттемелерін орындаған жоқ. Бұл ретте Келісімде белгіленген барлық мерзімдер бұзылған, бұл мемлекеттік қаржының болашақта қайтарылатынына күмән келтіреді. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1167127 мекен-жайы бойынша танысуға болады.