16 МАМЫР КҮНІ KASE "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ KZ1C12280018 (KZ0009093241, KZTK) ЖАЙ ЖӘНЕ KZ1P12280114 (KZ0009094645, KZTKP) АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ САУДА-САТТЫҒЫН ОЛАРДЫҢ БАҒАЛАРЫ ТИІСІНШЕ 66,56 % ЖӘНЕ 71,11 %-ҒА ТҮСІНУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ УАҚЫТША ТОҚТАТТЫ

16.05.12 12:53
/KASE, 16.05.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) Алматы уақытымен 11:50-де "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының (Астана) KZ1C12280018 (KZ0009093241, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTK) жай акцияларының сауда-саттығын бағасы 66,56 %-ға түсуіне байланысты уақытша тоқтатты. 2012 жылдың 15 мамырында жасалған, соңғы орындалған KZTK-мен мәміленің бағасы бір акцияға 29 900,00 теңгені құрады. KZTK сауда-саттығы 2012 жылдың 16 мамырында бір акцияға 9 999,00 теңге бағасымен (белгіленген мәндердің біріншісінен 33,44 %) жасалған мәміледен соң уақытша тоқтатылды. Алматы уақытымен 11:50-де KASE "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының KZ1P12280114 (KZ0009094645, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTKp) артықшылықты акцияларының сауда-саттығын, олардың бағасы 71,11 %-ға түсуіне байланысты, уақытша тоқтатты. 2012 жылдың 15 мамырында жасалған, соңғы орындалған KZTKp Цена последней исполненной сделки с KZTKp, мәміленің бағасы бір акцияға 26 999,00 теңгені құрады. KZTKp сауда-саттығы 2012 жылдың 16 мамырында бір акцияға 7 800,00 теңге бағасымен (белгіленген мәндердің біріншісінен 28,89 %) жасалған мәміледен соң уақытша тоқтатылды. Осы кезде KASE белгілі жағдайлардың экспресс-зерттеуі негізінде, бұндай бағаның түсуі KASE мүшесінің трейдерірің техникалық қатесі немесе KASE сауда-саттық жүйесінің техникалық жаңылысуы салдарынан деп тұспалдауға жол бермейді. KASE осындай баға түсудің мән-жайын толығырақ зерттеу мақсаттылығын және зерттеу нәтижелерін жариялау қажеттілігін дербес түрде анықтау құқығын өзіне қалдырады. Сауда-саттықты уақытша тоқтату "Бағалы қағаздардың биржалық сауда- саттығының ережелері" атты KASE ішкі құжатының 12-2 бабы 1 тармағына сәйкес жүзеге асырылды. Бағалы қағаздардың биржалық сауда-саттығының ережелеріне сәйкес, Биржаның ағымдағы сауда-саттық күні осы атаудағы бағалы қағаздармен жасалған соңғы мәміле бағасының, соның алдындағы соңғы нәтижелі сауда- саттық сессиясында жасалып, орындалған мәміле бағасына қатысты 30 және одан аса пайызға төмендеуі жағдайында KASE сауда-саттықты уақытша тоқтатады. Егер өзгесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің шешімімен белгіленбесе, уақытша тоқтатылған сауда-саттықтар акциялар бойынша жаңа сауда-саттық күні басталысымен қайта өткізіледі. [2012-05-16]