"Қазақстанның Даму банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің XS0179958805 (BRKZe2) халықаралық облигациялары бойынша 17-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

14.05.12 14:26
/KASE, 14.05.12/ – "Қазақстанның Даму банкі" АҚ (Астана) 2012 жылдың 11 қаңтарында өзінің XS0179958805 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, BRKZe2; $100,0 млн, 12.11.03 – 12.11.13; жылдық 7,375 % жарты жылдық купон; 30/360) халықаралық облигациялары бойынша он жетінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 3 688 000,00 АҚШ долларын құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы тиіс. [2012-05-14]