"ЭКОТОН+" АҚ (Қазақстан) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамымен жасалған несиелік келісім бойынша сомасы $6,0 млн қарызын мерзімінен бұрын толық өтегені туралы хабарлады

10.05.12 17:29
/KASE, 10.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ЭКОТОН+" АҚ (Астана) биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: "ЭКОТОН+" АҚ Қазақстанның даму мемлекеттік банкінің (ҚДБ) сомасы $6 млн көлеміндегі қарызын өтеді деп хабарлайды. Қаржыландыру Астана қаласында жалпы сомасы $12,76 млн ұялы бетоннан қабырға материалдарын өндіру зауытының құрылысына берілген болатын. "ЭКОТОН+" АҚ 2003 жылдан бастап ҚДБ несие алушысы болып табылады, 2009 жылы банк компанияға дағдарыс кезеңінде қолдау көрсету үшін қарыздың қайта құрылымдауын жүзеге асырып, сыйақы мөлшерлемесі азайтылып, несие бойынша төлем кестесі өзгертілген болатын. Осыға қарамастан, компания қарызын мерзімнен бұрын өтеуге қол жеткізді. [2012-05-10]