"Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Қазақстан) "ЭКОТОН+" акционерлік қоғамының несиелік борышын мерзімнен бұрын өтегені туралы хабарлады

07.05.12 11:57
/KASE, 07.05.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Дмау Банкі" АҚ (Астана), 2012 жылдың 04 мамырында биржаға жолдаған баспасөз-релизінде былай деп хабарлады: цитата басы Компания 2003 жылдан бері «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ немесе Банк) қарыз алушысы болып саналады. Банк Астана қаласында орналасқан ұялы бетоннан қабырға материалдарын жасау жобасын (Жоба) қаржыландырды. «Экотон+» зауыты 2004 жылы іске қосылды. Жобаның жалпы сомасы 12,76 млн. доллар, ҚДБ-ның қаржы сомасы 6,04 млн. долларды құрады. 2009 жылы Банк «Экотон+» компаниясының қарызын қайта құрылымдаудан өткізілді. Бұл шара қаржы дағдарысы кезінде Жобаның борыштық жүгін төмендету мақсатында іске асырылған. Сонымен қатар, несиенің сыйақы мөлшерін төмендетіп, икемді төлеу кестесін қарастырды. Бүгінгі таңда кәсіпорын жыл сайын 127 000 м³ дайын өнімді шығарады. Зауыт ұялы материалдарымен отандық нарықтың 25 % қамтамасыз етіп, осы салада ең ірі кәсіпорын болып саналады. Өнімнің басты тұтынушылары Ақмола, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе және Батыс-Қазақстан облыстары. Сонымен қатар, өнімнің бір бөлігі Ресейге экспортқа шығарылады. цитата соңы [2012-05-07]