2011 жылдың 31 мамырында "Capital Hotels"АҚ (Казахстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

03.05.12 15:21
/KASE, 03.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Capital Hotels"АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2012 жылдың 31 мамырында сағат 12:00 компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - Атқарушы органның 2011 жылға компания қызметі туралы есеп беруі; - 2011 жылға компанияның жылдық қаржылық есебін бекіту; - компанияның 2011 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін анықтау - 2011 жылдың қорытындысы бойынша компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешмі қабылдау және компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту; - Компанияның Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Желтоқсан көш., 118, 229 офис. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 11:00-де басталады. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың 28 мамырындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда компанияның қайталама жиналысы жоғарыда аталған мекен-жай бойынша 2012 жылдың 01маусымында, сол уақытта болып өтеді. Акционерлер күн тәртібінің сұрақтары бойынша материалдармен жиналыс өтер алдында кемінде 10 күн бұрын Алматы қ., Желтоқсан көш., 118, 229 офис мекен-жайы бойынша танысуына болады. [2012-05-03]