2011 жылдың 31 мамырында "Capital Hotels"АҚ (Казахстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады
03.05.12 15:21
/KASE, 03.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Capital Hotels"АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания),
2012 жылдың 31 мамырында сағат 12:00 компания акционерлерінің
жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш
жиналыстың күн тәртібінде:
- Атқарушы органның 2011 жылға компания қызметі туралы есеп беруі;
- 2011 жылға компанияның жылдық қаржылық есебін бекіту;
- компанияның 2011 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін анықтау
- 2011 жылдың қорытындысы бойынша компанияның жай акциялары
бойынша дивидендтер төлеу туралы шешмі қабылдау және компанияның
бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту;
- Компанияның Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау.
Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Желтоқсан көш., 118,
229 офис. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 11:00-де
басталады.
Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың
28 мамырындағы жағдай бойынша құрастырылады.
Кворум жиналмаған жағдайда компанияның қайталама жиналысы жоғарыда
аталған мекен-жай бойынша 2012 жылдың 01маусымында, сол уақытта
болып өтеді.
Акционерлер күн тәртібінің сұрақтары бойынша материалдармен жиналыс
өтер алдында кемінде 10 күн бұрын Алматы қ., Желтоқсан көш., 118, 229
офис мекен-жайы бойынша танысуына болады.
[2012-05-03]