"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ "Euroasia Transit Group" ЖШС-іне 550 млн теңгеге субсидия беруге ниет білдірді

27.04.12 17:37
/KASE, 27.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 25 сәуірінде баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "Euroasia Transit Group" ірі теміржол жүк тасымалдаушысы ҚДБ несиесі бойынша субсидия алады Компанияны субсидиялауға "Бинестің жол картасы" бағдарламасы арқылы 550 млн. теңгеден астам қаражат бөлінеді. "Euroasia Transit Group" ЖШС теміржол жүк тасымалдау қызметін ұйымдастыру Жобасы (Жоба) "Қазақстанның Даму банкі" АҚ (Банк немесе ҚДБ) бөлген несие бойынша 5-пайыз көлемінде сыйақы мөлшерін субсидиялауға мүмкіндік алды. Жобаның борыштық жүгін төмендетуге бағытталған бұл шара "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Кәсіпкерлік секторын сауықтыру" бағыты арқылы (Бағдарлама) қарастырылған. Несие бойынша төлемдердің аталған бөлігі Бағдарлама арқылы үш жыл бойы өтеледі. Өз жағынан Банк Жобаны Бағдарламаға енгізу мақсатында кәсіпорынның сауықтыру жоспарын бекітті. Сонымен қатар, несиенің бір бөлігі бойынша сыйақы мөлшерін төмендетіп, икемді төлеу кестесін қарастырды. "Euroasia Transit Group" ЖШС Бағдарламаға еңген Банктің үшінші қарызгер-компаниясы болды. 2012 жылдың басынан ҚДБ несиесі бойынша мемлекеттік субсидияны "ТауТерминал" логистикалық орталығы және Майқұдық құс фабрикасы алды. Жобаларды шикізаттық емес салаларда жұмыс істейтін қарызгер-компанияларға қолдау көрсету мақсатымен Бизнестің жол картасына енгізу шарасы Банк көмегімен іске асырылды. "Euroasia Transit Group" ЖШС 2003 жылы құрылған. 2008 жылдан бері ҚДБ-ның қарызгер-компаниясы. Теміржол арқылы ТМҚ және Балтия мемлекеттеріне жүк тасымалдау және траспорттық-экспедиторлық қызметтер көрсетеді. Бүгіңгі күні компанияның қолданысында 1300 астам жүк вагондары бар. "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ 2001 жылы құрылды. Банк қызметінің басты бағыттары мемлекеттік инвестициялық қызмет тиімділігін жетілдіру және арттыру, өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестиция тарту болып табылады. цитата соңы