"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ "Silicium Kazakhstan" ЖШС-інен қарызды өндіру үрдісі басталғаны туралы хабарлады

26.04.12 12:37
/KASE, 26.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 26 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Банк немесе ҚДБ) Несие комитеті шешімімен "Silicium Kazakhstan" ЖШС Жобасы проблемалық жобалар санатына ауыстырылды. Банк 2010 жылдан бері міндеттемелерін орындамай келе жатқан қарызгер-компаниядан қарызды қайтаруды талап етпекші. Банк қаржыландырған металды кремнийді өндіретін "Silicium Kazakhstan" зауыты 2010 жылы іске қосылған. Бүгінгі таңда Қарағанды облысындағы кәсіпорында екі пештін біреуі ғана өнім шығаруда. Алайда, қарызгер- компания ҚДБ несиесі бойынша өзінің міндеттемелерін орындамай келеді Бүгінгі таңда "Silicium Kazakhstan" ЖШС-ның ҚДБ алдында жалпы қарыз сомасы 16 млрд. тенге құрайды. Сонымен қатар "Silicium Kazakhstan" ЖШС жобасы Банктің тағы бір проблемалық биоэтанолды өндіру бойынша зауытты салу "BIOHIM компаниясы" АҚ жобасымен тығыз байланыста. Екі кәсіпорынның да құрылтайшысы бір, құрылтайшы Ресей мен Қазақстанда өзара байланысты компаниялар тобының иесі. цитата соңы