"Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
23.04.12 11:50
/KASE, 23.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі –
банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің
2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Банктің тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған (тек KZ1C47810011 жай акциялары) акцияларының
жалпы саны 2 119 519 дана;
- банктің 2 066 525 акциясы орналастырылған;
- банктің жалғыз акционері және, тиісінше, орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі
акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" ұлттық
әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады.